Елімізде мыңнан аса адам коронавирустан емделуде

10 Желтоқсан 2022, 10:00 881

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдедІ

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус жұқтырған адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын 218 адам жұқтырғаны тіркелді. 

10 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 725 адам коронавирус инфекциясынан (–1 510+ және 215 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 7 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

EL.KZ
Бөлісу: