Елімізде "МҰЗ– 2024" республикалық акциясы жалғасуда

2 Қаңтар, 06:18 481

ТЖМ құтқарушылары "МҰЗ– 2024" республикалық акциясын жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері су айдындарында қайғылы жағдайларға жол бермеу мақсатында Қорғалжын және Бурабай ауданының акваторияларында рейдтік жұмыстар өткізді.

Профилактикалық іс-шаралар барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері тіркелген. Атап айтқанда көлік құралдарының су айдынына шығуы, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында мұзға шығу фактілері анықталған.

Ведомство мәліметінше, белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: