Елімізде мүмкіндігі шектеулі 732 мың адам тұрады

31 Қазан, 06:34 299

Елімізде мүмкіндігі шектеулі 732 мың адам тұрады. Оның 106 мыңының тұрақты жұмысы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 қазаннан бастап тағы 20 мың тұрғын жұмысқа тұрды. Дәлірек айтқанда, 6 мыңға жуық азамат тұрақты қызметке келген. 505 адам жастар практикасымен, 654-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.

«Күміс жас» жобасы бойынша – 828, «Алғашқы жұмыс орнымен» – 183 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» шарасымен – 6 қызметкер іске кірісті.

Тағы мүмкіндігі шектеулі 272 жан қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтсе, 5 мыңы «Бастау бизнес» білімін алды. 1470 тұрғын 1,4 млн теңге мөлшеріндегі мемлекеттік грантты иеленді.

Зарина Арман
Бөлісу: