Елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін бес мыңнан астам нысанға арнайы саты орнатылды

13 Қаңтар, 12:21 1444

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік инфрақұрылымның 4 926 нысанды бейімдеу бойынша іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда соңғы үш жылда барлығы 13,8 мыңнан астам нысан бейімделді. Қазіргі уақытта елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023 – 2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

Жобада қолжетімділіктің интерактивті картасы сайтына енгізілген ел бойынша бейімделуге тиіс 35 мыңнан астам басым объектілер айқындалды. 2021 – 2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023 – 2027 жылдар кезеңінде жыл сайын кемінде 5 мың объект (5 жылда 27 мың) бейімделуге тиіс. 2021 – 2022 жылдарды қоса алғанда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 13 857 объект бейімделді.

2023 жылы бейімделуге жоспарланған 5416 объектінің ішінен жергілікті атқарушы органдар 4 926 объектіде бейімделу іс-шараларын жүргізді, бұл жоспарланған көлемнің 91%-ын құрайды.

2023 жылға арналған бейімдеу жоспарын іске асыру бойынша Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары толық, жүз пайыздық оң нәтиже көрсетуде. Алматы қаласында жоспардың 90%-дан астамы іске асырылды. Ал, Астана, Шымкент, Атырау, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарында керісінше жоспардың орындалуы 90 %-дан төмен болып,  жақсы көрсеткіш байқалмайды.

Мәселен, ел бойынша мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:

- білім беру объектілері – 5847 (мектептер, балабақшалар және т. б.);

- денсаулық сақтау объектілері – 2160 (ауруханалар, емханалар, дәрігерлік амбулаториялар және т. б.)

- мәдениет объектілері – 1433 (мәдениет үйлері, театрлар және т. б.);

- мекемелер мен ұйымдар (оның ішінде мемлекеттік) – 2695 (жергілікті атқарушы органдар, орталық органдардың аумақтық бөлімшелері, азаматтарға арналған үкімет филиалдары және т. б.);

- сауда, қызмет көрсету, ойын-сауық, қоғамдық тамақтану объектілері – 1165 (дүкендер, сауда орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.).

- әлеуметтік қорғау объектілері – 178 (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары, оңалту орталықтары және т. б.);

- спорт объектілері – 289 (спорт залдары, спорт сарайлары және т. б.);

- көлік инфрақұрылымы объектілері – 90 (Авто/ТЖ вокзалдары, әуежайлар).

Өңірлерде мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтеді. 

Мен «Аманат» партиясының филиалы жанындағы объектілерді бейімдеу жөніндегі облыстық мониторингтік топтың мүшесімін. Жұмыс тобы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, атап айтқанда теміржол вокзалына, автовокзалға, Халық банкі филиалына, ХҚКО-ға және басқа да объектілерге барған кезде мен азаматтардың барлық санаттары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде оң өзгерістерді байқадым. Нысандар мүгедектер арбасына, нашар көретін және нашар еститін азаматтарға, халықтың аз қозғалатын топтарына бейімделген. Кіреберіс топтары толығымен қайта жаңартудан өтті, пандустардың параметрлері нормаларға сәйкес келеді, теміржол вокзалында перронға шығудың ыңғайлылығы үшін лифтілер орнатылды, барлық объектілерде санитарлық тораптар жабдықталған, - деді бірінші топтағы мүгедектігі бар, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Владимир Эрман.

Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылы ел бойынша мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 1 783 тексеру (880 – профилактикалық бақылау, 903 – жоспардан тыс) жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1 171 ұйғарым берілді, 98,4 млн теңге сомасына 467 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК 462-бабы бойынша айыппұл салынады.

Жансая Әділбек
Бөлісу: