Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен зейнетақы мөлшері артады

Кеше, 19:39 374

Қазақстанда зейнетақы, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы және әлеуметтік көмек мөлшері артады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда зейнетақы, бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегінің мөлшері ұлғаятыны мәлім болып отыр. 

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Сенаттағы Taldau Talks подкастында қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуіне байланысты Қазақстандағы бюджет пен инфляцияға әсері туралы сұрақтарға жауап берді.

Заң бойынша біз инфляция деңгейіне сәйкес зейнетақыны, мемлекеттік қызметкерлердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеруге тиіспіз. Егер ҚҚС мөлшерлемесі 20%-ға өссе, бұл шығындар 800 миллиард теңгені құрайды. Ал 16%-дық мөлшерлеме жағдайында 500-550 миллиард теңге аралығында болады. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмектің де мөлшерін арттырамыз. Қазіргі таңда 200 мың адамға 40-45 миллиард теңге бөлінуде. Сондай-ақ, тарифтердің қымбаттауына байланысты тұрғын үй көмегінің көлемі де ұлғаяды, – деді Жұманғарин.

Айта кететін жайт, бұған дейін ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі мен салық шектерінің өзгеруіне қатысты Салық кодексіне енгізілген түзетулер Мәжіліске ұсынылған болатын.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: