Елімізде көрсетілмейтін медициналық көмек алуы үшін 8 адам шетелге жіберілді

26 Шілде 2023, 21:30 800

«Қазақстан халқына» қоры 2023 жылдың І жартыжылдығындағы қызметі туралы есеп берді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау саласында 43,6 млрд теңге сомасына қайырымдылық бағдарламалар бекітіліп, іске асырылуда.

2023 ж. І жартыжылдығында шалғай өңірлерде жылжымалы медициналық кешендерді құру жөніндегі «QH - Денсаулық жолы» бағдарламасы,  онкологиялық медициналық орталықтарды жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі «QH-жабдықпен жарақтандыру бөлігінде онкологиялық қызметті дамыту» бағдарламасы, «QH балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту» бағдарламасы, онкологиялық аурулары бар азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді қаржыландыру бекітілді.

Бұдан басқа, есепті кезеңде осыған дейін қабылданған бағдарламалар шеңберінде қор 173 пациентті дәрілік заттармен қамтамасыз етті, оның ішінде сирек (орфандық) ауыр өмірге қауіп төндіретін және созылмалы аурулары бар – 167 пациент, оның 143–і балалар. 8 пациент елімізде көрсетілмейтін медициналық көмек алуы үшін шетелге жіберілді. Шымкент, Өскемен, Атырау қалаларында ерте араласу орталықтары ашылды. 12 науқасқа қасаң қабық трансплантацияланды.

Берік Арманов
Бөлісу: