Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады

25 Қараша 2022, 10:22 1087

732 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны үш күн қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, өктен тәулікте вирусты жұқтырғандар саны 139 адамды құрады. Сондай-ақ 6 адам аталмыш дерттен жазылып шыққан.

25 қарашадағы мәлімет бойынша, елде 854 адам коронавирус инфекциясынан (–706+ және 148 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 122 пациент стационарда, 732 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

7 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 22 қаңтар күні ковид жұқтырғандар саны 56 адамды құраса, 23-і күні олардың саны 92 адамға жетті. Ал кеше, 24 қарашада олардың саны 116 адам болды.

EL.KZ
Бөлісу: