Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

9 Наурыз 2023, 09:39 805
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде бір тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Бұл алдыңғы тәулікпен салыстырғанда 52 адамға азайғаны байқалады. 8 наурыз күні 79 адамның ковид жұқтырғаны белгілі болған еді.
 
9 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 552 + және 179 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 135 пациент стационарда, 1 596 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
 
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 4 адамның жағдайы ауыр,
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 
EL.KZ
Бөлісу: