Елімізде колледждерге құжаттарды қабылдау жалғасуда

27 Шілде 2023, 13:45 1837

Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің дерегі бойынша, колледждерге құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 20 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылы мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда.

Оқи отырыңыз:

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық және т.б. бағыттар бойынша ұлғайтылды, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ өткен жылдан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші практиканы ұйымдастыру және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады. Биыл кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланып отыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: