Елімізде көкөніс пен жеміс шырынының өндірісі өсті

20 Шілде, 18:45 603

Қазақстанда алма шырынын өндіру көрсеткіші жарты жылда 23% өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында отандық өндірушілер 8,6 млн литр шырын шығарды, ал өткен жылдың осы кезеңінде 7 млн литр болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сондай-ақ елімізде көкөніс шырындарының өндірісі 2% артты. Оның ішінде қызанақ шырынының өндірісі 3,3% өскен. 2023 жылдың қаңтар-маусымындағы 1,7 млн литрмен салыстырғанда 1,8 млн литр қызанақ шырыны жасалған.

Алты айдың ішінде 367 млн литр минералды және газдалған сусын шығарылды. Бұл 2023 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 1,2% артық.

Жылдық мәнде минералды және ауыз судың бағасы 16,3% қымбаттаған. Салқындатылған сусындар бойынша – 11,9%, көкөніс және жеміс шырындары бойынша – 11%.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: