Елімізде «Kitaptime» республикалық кітап фестивалі өтіп жатыр

15 Қыркүйек 2023, 15:15 983

Елімізде «KitapTime — 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль аясында түрлі баспалардың қатысуымен көрме-жәрмеңке, балалар шығармашылығына арналған ертегілер қойылымы, қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны және флешмоб өтіп жатыр.


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мақсат – кітап оқу мәртебесін көтеру, жалпы әдебиетті насихаттау, тұрғындарды кітапханаларға тар­ту және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Іс-шараның республикалық аталуы себебі – бір мезетте Қазақстанның барлық өңіріндегі кітапханаларда «KitapTime — 2023» өтіп жатыр. Биылғы фестивальдің ерекшелігі ол – «Кітапхана түні» жобасы қарастырылған. Сағат 18:00-ден кейін Ұлттық кітапхана ішінде поэзия кештері мен зиялы қауым өкілдерімен кездесу де ұйымдастырылады, - деді Айжан Тәбәрәкқызы.


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Айта кетейік, аталған іс-шара екінші мәрте ұйымдастырылып жатыр.


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ


©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Равиль Ашығали
Бөлісу: