Елімізде ішкі туризм бойынша көрсеткіш төмендеді

27 Қыркүйек 2022, 10:50 3249

Министрдің айтуынша, 2021 жылы еліміздің ішкі туристер саны 6,9 млн адамды құраған.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz.

Министрдің айтуынша, 2021 жылы еліміздің ішкі туристер саны 6,9 млн адамды құраса, 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында ішкі туристер саны 3,6 млн адамды құраған.

«2021 жылы туризм саласы пандемияның салдарынан кіруге байланысты шектеулер болғандықтан, қиындықтарға тап болды. Ал, биыл осыған байланысты, сырттан келушілер туризмі бойынша белгіленген көрсеткішке қол жеткізілген жоқ», - деді министр.


Миражан Махан
Бөлісу: