Елімізде инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,2 трлн теңге инвестиция бағытталады

Бүгiн, 11:08 145

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында инвестициялардың қосымша көлемін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 2025 жылы инвестициялардың қосымша көлемі Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырудың басталуының арқасында қамтамасыз етілетінін атап өтті. Инвестициялар көлемі 5 жылда 13 трлн теңгеден асады, бұл ретте биыл инфрақұрылымды жаңғыртуға салынған инвестициялар шамамен 1,2 трлн теңгені құрайтын болады.

Ұлттық жоба инвестициялардың өсуіне, сондай-ақ жаңа отандық тауарлар мен елдің коммуналдық инфрақұрылымын салу кезінде өнімдері сатып алынатын өндірушілердің пайда болуына ықпал етеді. Ұлттық жобаны іске асыру инфрақұрылымның тозуын азайтуға және оның сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: