Елімізде халық санының үштен бірін жастар құрайды – Әшімбаев

20 Ақпан, 11:42 724

Елімізде орташа жас деңгейі - 32 жас. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі» тақырыбына арналған Үкімет сағатында атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда халық санының өсу қарқыны көңіл қуантады. Былтыр қараша айында елімізде халық саны 20 млн жеткені белгілі. Демографиялық өсу – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетігі. Осыған орай президент тапсырмаларын орындау аясында «Көші-қон саясаты» және «Ауылдық аумақтары дамыту» тұжырымдамалары қабылданды. Бұл құжаттар еңбек мобильділігін дамытуға, сапалы инфрақұрылымды қалыптастурға бағытталып отыр. Сондай-ақ 2029 жылға дейнгі Ұлттық даму жоспарының жобасына да бірқатар шара енгізілді. Ендігі ретте олардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуіміз керек, - деп қадап айтты Сенат төрағасы.

Сонымен қатар Әшімбаев салыстырмалы түрде алғанда біз жас ұлттардың қатарына кіретінімізді алға тартты.

EL.KZ
Бөлісу: