Елімізде газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі

Бүгiн, 09:29 203

Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов негізгі көрсеткіштер туралы баяндады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 59 млрд текше метрге жетті, 2025 жылға арналған өндіру жоспары 62,8 млрд текше метрді құрайды.

Газ өндірудің негізгі өсімі Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған ірі кен орындары есебінен көзделуде.

2024 жылы тауарлық газ өндіру көлемі 28,7 млрд текше метрді құрады. 2025 жылға арналған өндіріс жоспары – 29,4 млрд текше метр. 2025 жылдың I тоқсанында 7,3 млрд текше метр өндірілді, – деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Ол 2024 жылы ішкі нарықтың қажеттіліктеріне 21,2 млрд текше метр жеткізілгенін айтты. 2025 жылға болжанып отырған тұтыну көлемі шамамен 21,3 млрд текше метрді құрайды.

2024 жылы сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,7 млн тоннаны құрады. 2025 жылға арналған жоспар 1,7 млн тонна және 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда шамамен 0,5 млн тонна немесе 107,7% өндірілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: