Елімізде қой тұқымын түрлендіретін зертхана ашылады

11 Қазан 2022, 11:27 1653

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығында қой тұқымын түрлерндіруге бағытталған ғылыми жұмыстарға өте үлкен мән беріліп жатыр

Бұл туралы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» төрағасы Дархан Балпанов айтты, деп хабарлайды El.kz 

«Қазіргі кезде екі генетикалық зертхана құрылды. Біздің Алматы ауыл шаруашылық институтында және Қосшы қаласында «Асыл түлік» деген компания бар. Осы екі мекемеде қой мәселесі бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биылдан бастап араб елдері Қазақстанда шығарылатын қой етіне өте үлкен қызығушылық көрсетіп жатыр. Сондықтан еліміздің бұл тұрғыда әлеуеті үлкен. Ендігі жылдан бастап араб елдерімен бірге қосылып 2 млн еуроға бағаланған зертхана құрылғалы жатыр», - деді орталық басшысы.

Бөлісу: