Елімізде есірткі сататын 1772 сайт бұғатталды

27 Қыркүйек 2022, 14:17 1242

Ішкі істер министрі еліміздегі қылмыстық жағдайдың жай-күйі туралы баяндады

Ішкі істер министрі ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте еліміздегі қылмыстық жағдайдың жай-күйі туралы баяндады,  деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 122 мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар санының 2%-ға өсуі байқалады. Соған қарамастан, елдегі бірқатар қылмыстар айтарлықтай азайды. Оның ішінде қарақшылық (-24%), тонау (-1%), зорлау (-16%), мал ұрлау (-17%), бұзақылық (-6%).  Бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыс саны да (-7%) және мас күйінде (-13%) азайды. 

Ішкі істер министрі жалпы қылмысты ашу бойынша полицияның жұмысы жанданғанын хабарлады. Мысалы, кісі өлтірудің ашылуы 93 пайыз болды, денсаулыққа ауыр зиян келтіруді ашу – 93%, қарақшылық шабуылдарды ашу – 88%, бопсалау фактілері 79%-ды құрады. Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару фактілері бойынша 24 қылмыстық іс тіркелді. Заңсыз айналымнан 2900-ден астам қару тәркіленді. 

Адам саудасы бойынша 51 қылмыс анықталды. Іздеуде жүрген 1 603 қылмыскер ұсталды. Олардың ішінде: 35 өлтіруші, 15 қарақшы, 8 зорлаушы, 97 қарақшы және 711 ұры ұсталды. 1 934 есірткі қылмысы анықталды. 11,8 тонна есірткі, оның ішінде 1,2 кг героин және 105 кг синтетика тәркіленді. 33 есірткі зертханасы жойылды. 

Есірткі сататын немесе жарнамалайтын 1772 есірткі сайты бұғатталды. 6 млн. әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 4,8 млннан астамы – жол қозғалысы ережелерін бұзу. 17,5 мың мас жүргізуші ұсталды. 20 мың жүргізуші басқару құқығынан айырылды. Әкімшілік қамауға 16 мың адам алынды.

Бөлісу: