Елімізде энергетика мен басқа да салалардағы инвестициялық жобалардың саны сапалы түрде артады

20 Қаңтар, 12:35 1026

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес отырысында энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында бүгінде 61 ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде ЖЭК, ЖЭО нысандарын салу, газ және гидроэлектростанцияларын іске қосу қамтылған.

Оқи отырыңыз: 

Кеңес отырысында 2023 жылғы көрсеткіштер инвестиция тарту бойынша жолға қойылған жұмыстарды көрсететіні атап өтілді. Мемлекеттік органдарға инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейтіп, жобаларды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ өңірлерге инвестиция тарту мәселелері көтерілді. Мәселен, 2023 жылы Жетісуда 52,8 млрд теңгеге жоспарланған 47 инвестициялық жобаның барлығы іске қосылып, соның арқасында облыста 1200-ден астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде жалпыұлттық пул аясында 10 ірі жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында қуаттылығы 50 мегаватт жел электр стансасы, өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын зауыт, мультимодальды көлік-логистикалық орталық және тағы да басқалары бар.

Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері инвестициялық штаб отырыстарында тұрақты негізде қаралатын болады.

Жансая Әділбек
Бөлісу: