Бір жыл ішінде Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есе артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 12 587 бірлікті құрады, бір жыл бұрын тіркелген электромобильдер саны 7 680 бірлік болған.
Бұл автомобильдерге де, жүк көліктеріне, автобусқа да қатысты. Жеңіл автомобильдер арасындағы өсім ең жоғары: олардың саны 7 383-тен 12 119 бірлікке дейін өскен, - делінген мәліметте.
Алматы электромобиль саны бойынша көшбасшы болып отыр – қалада мұндай 7 309 автомобиль тіркелген. Одан кейін тоқ күшімен жүретін 1 510 көлігі бар Астана, сондай-ақ Алматы облысы үздік үштікті қорытындылаған, онда 638 автомобиль электр қуатының көмегімен қозғалады.
Бүгінгі таңда жүк тасушы электромобильдер саны – 338 бірлік, автобустардікі – 130 бірлік.