Елімізде екі мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр

3 Қаңтар 2023, 11:02 924

Бұл туралы ДСМ мәлім етті

Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 76 жағдайы анықталды, коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жалпы, 3 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 2 680 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 487, пневмониядан (КВИ-) – 193) емделуде. Олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 7 адамның жағдайы ауыр,

- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

EL.KZ
Бөлісу: