Елімізде докторантура грантын иеленгендер тізімі жарияланды

22 Қазан 2023, 19:15 771

Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Тізімге 49 білім беру мекемесі енген. Олардың қатарында республикалық және аймақтық университеттер бар. Жалпы орын саны – 712, оның ішінде нысаналы орын – 107.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсуге арналған конкурсқа қатысу үшін шекті балл – 75.

2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу туралы сертификатпен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.

Гранттар тізімін мына жерден көруге болады.

Берік Арманов
Бөлісу: