Елімізде демография саласын зерттейтін мамандар тапшы

20 Ақпан, 15:14 636

Бұл жөнінде Сенат қабырғасында өткен Үкімет сағатында Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Әсем Рахметова тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатордың айтуынша, соңғы кездері елімізде демография саласында кәсіби мамандар дайындау және осы бағытта ғылыми орта қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында.

Атап айтсақ, соңғы жылдарда «Болашақ» бағдарламасы бойынша осы бағытта барлығы 32 маман тәлім алған. Оның 10-ы PhD доктор, ал 22-сі магистр дәрежесін иеленеген.

Айта кету керек, бүгінгі таңда елімізге қажетті басым мамандықтар тізбесінде де демография саласына қатысты мамандықтар жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: