Елімізде дайын құжаттарды беретін постаматы бар жаңа ХҚО ашылды

27 Желтоқсан 2022, 00:35 1325

Жаңа орталық елордада орналасқан

Астанада Керей және Жәнібек хандар көшесі, 4 мекенжайында орналасқан жаңа ХҚО ашылды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ХҚО-ның ашылу салтанатына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі Бағдат Мусин мен Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин қатысты.

Мемлекеттік корпорация цифрлық кеңселердің инфрақұрылымын жыл сайын жақсартуда. Жаңа ХҚО Kaizen Standart қағидатына негізделген. Kaizen сапаны, технологияларды, процестерді, корпоративтік мәдениетті, еңбек өнімділігін және компания қызметінің басқа да аспектілерін үздіксіз жақсартуды қамтиды. Жетілдіру процесіне директорден бастап, қарапайым қызметкерге дейін қатысады.

Балалармен келген тұрғындардың қолайлығы үшін жаңа ХҚО ғимаратында, ана мен балаға арналған бөлме және ойын алаңы бар. Жаңадан ашылған цифрлық кеңсе бірнеше секторға бөлінген. Осыған орай, жылдамдық аймағында мемлекеттік қызметті 10 минут ішінде алуға болады. Ену аймағында тұрғындар оператордың көмегінсіз өздеріне қажетті кез-келген құжатты eGov mobile қосымшасы арқылы ала алады.

Бұл орталықта 24/7 сағат бойы жұмыс істейтін постаматтар орнатылған. Азаматтар жұмыстан кейін кез келген уақытта, құрылғыдан дайын құжаттарды ала алады. Бұл пилоттық жоба болашақта барлық өңірлерде іске қосылуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаңа орталықта «ХҚО» мобильдік қосымшасы арқылы бейне қоңырау бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға арналған кабиналар орнатылған. Сондай-ақ тұрғындар осы қосымша арқылы кезекке тұрып және өз кезегін бақылай алады.

Бұдан бөлек, ХҚО-да әлеуметтік блок пен жер кадастры қызметтерін алуға арналған бөлім, сондай-ақ, азаматтар бейне қоңырау арқылы кеңес ала алатын аймақтар бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа орталықта пандус және қызмет көрсетуге арналған жеке сектор қарастырылған. Сонымен қатар, егер клиенттерге ұялы телефонды қуаттандыру қажет болса, онда байланыс аймағында смартфондарды қуаттандыруға арналған бірнеше құрылғы орнатылған.

Айта кетейік, жаңа ғимараттың ауданы алдыңғыға қарағанда 2 есе үлкен. Жаңа ХҚО-да 32 оператор жұмыс істейді, бұл бұрыңғы Тұран 37/9 көшесінде орналасқан ХҚО-дан 9 маманға артық. Қызметкерлердің саны ұлғайғанға байланысты халыққа жедел түрде қызмет көрсету жүйесі одан әрі жақсарады. Жаңа цифрлық кеңсеге күніне 1000-ға жуық қызмет алушы келеді деп күтілуде.

EL.KZ
Бөлісу: