Елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға жағдай жасалуда

13 Қараша 2022, 20:20 1007

Әлеуметтік осал топтан шыққан балалар мамандандырылған мектептерге түсе алады

Биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы берілді, деп хабарлайды  El.kz Оқу-ағарту министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды қолдау және білім берудің инклюзивтілігін дамыту жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырма аясында тиісті бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мамандандырылған мектептерге түсу үшін 15 пайыз квота алуға мүмкіндік береді, - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Яғни енді осындай отбасылардан шыққан 1500-ға дейін бала жаңа квота бойынша «БИЛ», «Дарын» және тағы басқа мектептерге оқуға түсе алады. Бүгінгі таңда жаңа бұйрықтың арқасында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар осындай мамандандырылған мектептерге қабылданды.

Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсыныстары аясында колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге осыған ұқсас квоталарды енгізілген. Сол шешімнің арқасында мыңдаған балалар оқуға түсті.

Біз жас дарындарға да, өзін әлі көрсете алмағандарға да тең жағдай жасауымыз керек. Ал ұстаздарымыз озат балаларға да, оқуда үлгерімі нашар болса да, қолдау мен жылы сөзге мұқтаж балаларға да мейіріммен қарайды деп үміттенемін, - деп жазды министр.

EL.KZ
Бөлісу: