Елімізде дара кәсіпкер ретінде тіркелу жеңілдетілді

17 Қазан 2023, 05:08 751

Елімізде дара кәсіпкер ретінде тіркелу жеңілдетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.  

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда дара кәсіпкер ретінде тіркелуді жеңілдетілген, бұл тәртіп өтініш беру рәсімінен хабарлама беру рәсіміне ауыстырылды.

Жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы мемлекеттік кірістер органын аталған тәсілдердің бірімен электрондық түрде (онлайн) хабардар ету жеткілікті:

1) еlicense.kz "электрондық лицензиялау" порталы;

2) екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары;

3) «E-salyq Business» мобильді қосымшасы.

Хабарлама жіберілген сәттен бастап бизнеспен айналысуға мүмкіндік береді және жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің бар екендігінің дәлелі болып табылады, бұл қызмет тегін көрсетіледі.

Дара кәсіпкерді тіркеу барысында сіздің болашақ кәсіпкерлігіңіздің реквизиттері мен параметрлерін – мекен-жайын, атауын, қызмет түрін (ЭҚЖЖ) көрсетіп, салық режимдерінің бірін таңдау қажет.

Берік Арманов
Бөлісу: