Елімізде биыл да қант тапшылығы бола ма? Министр жауап берді

27 Маусым 2023, 11:41 678

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елімізде қант өнімі жеткілікті екенін және қант тапшылығы туындамайтынын айтып сендірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет кулуарында журналистер министрден «биыл елімізде қант тапшылығы туындамай ма және қанттың бағасы тағы қымбаттауы мүмкін бе, сондай-ақ еліміз ауқымды көлемдегі қант өнімін сатып алуға дайын ба?» деп сұрады.

Бұл сұраққа министр «елімізде қант жеткілікті» деп жауап берді.

Оқи отырыңыз:

Студенттерге жасалған әділетсіздік. Депутат жатақхана мәселесі ушығып тұрғанын айтты

«Ал қант бағасы қымбаттауы мүмкін бе?» деген сұраққа:

Біз бұл туралы да ойладық. Біз қанттың минималды баға мөлшерін жасағымыз келіп еді. Дегенмен қазіргі таңда қанттың бағасы өсіп барады. Тіпті біздегі қант бағасы Ресейдегіден қымбат. Әзірге біз қанттың бағасы қатты шарықтап кетпес үшін субсидиялау нұсқасын қарастырып отырмыз. Әрине, халыққа да қиын болмауы керек, - деді министр.

БАҚ өкілдерінің «демек биыл қант тапшылығы болуы әбден мүмкін?» деген сұрағына:

Қант тапшылығы болмайды. Ал баға қымбаттауына қатысты сұрақты біз қарастырып жатырмыз, - деді Жұманғарин.

Миражан Махан
Бөлісу: