Елімізде бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны артты

19 Ақпан 2023, 12:40 731

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Республикада коронавирус  инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ сырқаттанушылықтың біршама өсуі байқалады. Сонымен, соңғы аптада COVID-19-бен сырқаттанушылық алдыңғы аптамен салыстырғанда 15%-ға өсті, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі. 

Тәулігіне оң ПТР нәтижесі бар 120-ға дейін COVID-19 жағдайы және теріс ПТР нәтижесі бар 10-ға дейін COVID-19 жағдайы тіркеледі.

Бөлінген штамдардың соңғы реттілігі республикада 100% жағдайда COVID-19 Омикрон нұсқасының айналымы анықталғанын көрсетті.

«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Сонымен қатар, 14 өңірде (Алматы, Астана, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Абай, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, СҚО облыстары) R көрсеткіші бірден жоғары», - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі жалғасуда. Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-дің 3,4 млн жағдайы және тұмаудың 3 178 жағдайы тіркелді.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 30% - ға өсті.

Соңғы 3 аптаның ішінде республика бойынша ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың біртіндеп өсуі байқалады, соңғы аптада барлық өңірлерде сырқаттанушылық өсті, жалпы республика бойынша өсім 1,6 есе құрады.

Республикадағы коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық маусымның барысын ескере отырып, ҚР Бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлауға үгіт жүргізу кезінде мынаны ұсынады:

1) сайлауға үгіт жүргізу кезінде кең үй-жайларды пайдалану;

2) үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

3) R көрсеткіші бірліктен жоғары өңірлерде маска режимін сақтау.

Сондай-ақ, ҚР Бас санитариялық дәрігері халыққа мынадай ұсыныстарды береді:

- COVID-19 қарсы  вакцинациялауд мен қайта вакцинациялаудың толық курсын уақытында алу;

- қоғамдық орындарда, көлікте, науқастармен байланыста болған кезде маскаларды қолдану;

- жабық үй-жайларда адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болу;

- бөлмені үнемі желдетіп отыру;

- қол гигиенасын сақтау және науқас адамдармен байланыста болмау.

Асқыну қаупін азайту үшін өзін-өзі емдеуге болмайды, бірақ уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек.

EL.KZ
Бөлісу: