Елімізде бір апта ішінде 2913 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның 1753-і апта ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 13 кісі өлтіру, 6 өлімге әкеліп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру, 45 тонау және 365 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Оқи отырыңыз:
Өткен аптада елімізде 2738 қылмыс жасалған.