Елімізде аз қамтылған азаматтарға несие беруге тыйым салмақ

28 Ақпан, 14:40 1140

Қазақстанда аз қамтылған азаматтарға несие беруге тыйым салып, оларды қарыздан құтқару ұсынылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте аз қамтылған азаматтардың берешегін қадағалауды күшейтетін заң жобасы қаралып жатыр. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар да бар. 

Мәжіліс жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі Марат Шибұтовтың сөзінше, әр қарыз алушы орта есеппен 2,15 миллион теңге берешек. Жалпы қарыз бүгінде 18 триллион теңгені құрап отыр.

Азаматтар несие алып, оны дәл уақытында қайтарудан бас тартатын көрінеді. Оның үстіне банктер мен микроқаржы ұйымдары ел тұрғындарын несие алуға итермелейтіні бар. Isker isi әлеуметтік жобасының жетекшісі Бибінұр Шералиева атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың көпшілігінде оннан аса микрозаймдары барына алаңдаулы. 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің  мәліметінше, 69 мың адам өзін банкрот жариялауға өтініш берген, алайда оның тек 5 мыңының өтініші қабылданған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: