Елімізде әйел тергеушілердің саны көбейеді

17 Сәуір, 14:49 571

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент бізге отбасындағы зорлық-зомбылық профилактикасымен айналасатын әйел қызметкерлердің санын арттыруды тапсырды. Қазір Қазақстан бойынша штат санын 750 бірлікке көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл - дұрыс тәжірибе, - деді Лепеха.

Вице-министр отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шекке әйелдермен сұрақ-жауапты әйел жүргізуі керек екенін алға тартты.

Бұл тәжірибені зерделедік. Қазір әкімдермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар бізді қолдады. Бұл бірлікті қаржыландыру бойынша Үкіметте мәселе қарастырылып жатыр. Қазір нақты қаржыны айта алмаймын, - деді ол.

Сөзінше, қазіргі таңда елімізде 280 әйел полиция қызметкері жұмыс істейді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» туралы заңға қол қойды.

Миражан Махан
Бөлісу: