«Қазгидромет» РМК 16 мамырда Астанада және еліміздің 13 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астанада түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны -3 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында сынап бағаны -3 радусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны -3 радусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін жетеді. Түркістанда таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін жетеді.
Күндіз Атырау облысының батысында найзағай ойнайды деп күтіледі.
Ақтөбе облысында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, Ақтөбеде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада таңертең және түстен кейін найзағай ойнауы мүмкін. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында сынап бағаны -3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында найзағай, бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Күндіз шығыстан, солтүстік-шығыстансоққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары. Қарағандыда түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны -1 градус болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың батысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді, үсік жүруі мүмкін. Петропавлда күндіз батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді, үсік жүруі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.