Елімізде ауа температурасы төмендейді

18 Қазан 2023, 16:48 628

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттарға байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ауа райы әлі де ашық болады.

Түнде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы 2 аяз-10 жылы болады. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы 10-15 жылыдан 5-10 жылыға дейін төмендейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: