Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы күндері солтүстік және шығыс аймақтарда жаңбыр жауады, олар 19 сәуірде қарға айналуы мүмкін. Бірақ ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі. Батыс аймақтардың тұрғындары көктемгі ауа райын шынайы сезінеді – күн ашық болады, ал термометрлер күндізгі уақытта 25-30 градусқа дейін көтеріледі.