Елімізде ауа райы күрт суытып 39 градус аяз болады

19 Ақпан, 01:35 8670
Қазгидромет атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Республиканың оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталықта жел күшейед оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түсуім мүкін. Жетісу облысында – 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында – 45 градус өте қатты аяз болады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында 35-39 градусқа дейін қатты аяз сақталады.
 
Астанада Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 33-35, күндіз 23-25 градус аяз.
 
Ал Алматыда күн бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 12-14 градус аяз.
 
Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 8-13, жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 0-2 градус суық.
Баян Әжмұхан
Бөлісу: