Елімізде әскер құрамын толықтыру үшін резервтік қызмет енгізіледі

Бүгiн, 12:45 143

Мәжіліс резервтегі қызмет мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл әскер құрамын толықтырудың қосымша әдісі болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ қажетті әскери мамандықтар бойынша резервтік күштерді дайындауға, резервшілердің тікелей әскери бөлімдерге келуіне байланысты әскери бөлімдердің даярлық мерзімін қысқартуға, жауынгерлік дайындықты арттыруға мүмкіндік береді.

Заңда оқу немесе жиын кезеңінде әскери қызметші мәртебесін алатын жаңа «әскери резервші» ұғымы енгізіледі.

Резервтік қызметті енгізу 2025 жылға жоспарланған. Осылайша әскер дайындығын жетілдіру жалғасады. Бұл тәсіл ТМД елдерінде және әлемдік деңгейде қолданылады. Қазақстанның Әскери доктринасы қорғанысқа бағытталған, сол себепті еліміз бейбіт уақытта да агрессияға тойтарыс беріп, қажет болған жағдайда мемлекеттің аумақтық тұтастығын қорғауға қабілетті жауынгерлік армияны қалыптастырады.

Бастапқы кезеңде Қорғаныс министрлігі еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға жуық ерікті жинауды жоспарлап отыр. Болашақта әскерге шақыру әскер қажеттілігіне байланысты реттелетін болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: