Елімізде әрбір сотталған адамды асырауға күніне 7500 теңге кетеді

21 Қазан, 12:48 530

Қазақстандағы түрмелердің толып кету мәселесіне арналған баспасөз жиынында адвокат Надежда Далабаева солтталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мемлекетке неліктен тиімді екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, адвокат атап өткендей, тұтқындарды ұстауды үнемдеу де маңызды фактор болып табылады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) төрағасының орынбасарының айтуынша, бір тұтқынды ұстау бюджетке күніне 7 500 теңге шығын әкеледі.

Қазақстандық түрмелерде 30 000-ға жуық адам болса, бұл дегеніміз оларға күн сайын 225 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалады дегенді білдіреді.

Соттар тіпті экономикалық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған, бірақ мемлекетке зиян келтірмеген сотталғандарды шығарудан бас тартып жатқанда, тағайындалған мерзімінің басым бөлігін өтеген, жасаған әрекетіне өкінген мүгедектер, онкологиялық науқастар және көп балалы ата-аналар түрмелерде отыр, – деп атап өтті Далабаева.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: