Елімізде «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» автоматты түрде тағайындалады

20 Желтоқсан 2022, 08:15 4473

Қанатқақты жоба келесі жылдан бастап іске қосылады

Елімізде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» марапаты бар аналарға жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Пилоттық режимдегі жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолға алып отыр. 

Жалпы, келесі жылы автоматты тағайындау форматын 4 қызмет бойынша қолдану жоспарлануда. Біз екінші деңгейдегі банктермен жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі таңда қазақстандықтарға банктік қосымшалар арқылы 6 қызмет қолжетімді және 11 айда оларды 280 мыңнан астам адам алды. Бұдан басқа 17 қызмет экстерриториалды түрде көрсетіле бастады, яғни оларды Қазақстанның кез келген жерінде, тіркелген жері бойынша ХҚКО-ға жүгінбей-ақ ала алады, – деді вице-министр Ербол Оспанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ал төлемдерді орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атаулы әлеуметтік көмекті және жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша тағайындалатын әлеуметтік көмектің 11 түрін төлеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Бұған дейін жергілікті атқарушы органдар төлемдерді бөлуді жүзеге асырған.

EL.KZ
Бөлісу: