Елімізде алғаш рет балалардағы бауыр обырын емдеудің бірегей әдісі енгізілді

23 Шілде 2023, 11:21 1147

Қазақстанда алғаш рет Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес балалардағы бауырдың онкологиялық ауруларын емдеудің кешенді тәсілінде химиоэмболизация әдісі педиатриялық практикаға енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бірінші операция бір жарым жасар қызға жасалған. Ота барысы шамамен екі сағатқа созылды. Оны Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың онкорадиолог-дәрігері Нияз Бейсенұлы Малаев, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының білікті дәрігерлері: рентгенхирург, балалар интервенциялық кардиологы Азиз Оңласынов және балалар онкохирургы, рентгенхирург Бегайдар Елебаев жүргізді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елде бұл әдіс тек ересектерде қолданылады. 2005 жылдан бастап оны Еуропаның дамыған елдеріндегі балаларға жасайды.

БАХЭ әдісі - бұл тамырлы жүйе арқылы арнайы құралмен арнайы микросфераларға жүктелген химиотерапия ісіктің жойылуына әкелетін жергілікті химиотерапиялық және ишемиялық әсерге ие микрокатетерлердің көмегімен ісікке тікелей жеткізілетін ең төмен инвазивті әдіс.

Бұл әдістің артықшылығы - ол ісікті басқа организмге зиян келтірместен тікелей жояды, ауыр асқынулардың алдын алады және өлімді азайтады. Химиялық препарат нүктелі түрде енгізілгендіктен, ол  ісіктерге бағытталады және химиотерапиялық әсер жергілікті болады  және бүкіл организмге әсер ететін жүйелік әдіске қарағанда бірнеше есе тиімді әсер етеді. Оңалту тек 2-3 күнді алады және пациент ем-шарадан кейін 3-ші күні шығарылады. Бұл әдіспен хирургиялық жолмен операция жасалмайтын бауыр ісіктерінің мөлшерін тұрақтандыруға немесе азайтуға болады, - дейді рентгенхирург, ПБХҒО балалар интервенциялық кардиологы Азиз Оңласынов.

Қазақстанда жыл сайын орта есеппен балалардағы қатерлі ісіктердің 600-ге жуық жаңа жағдайы анықталады. Гепатобластома (ГБ) барлық ісіктердің шамамен 0,5-2% және балалардағы бауырдың бастапқы ісіктерінің 2/3-ін құрайды. Сырқаттанушылық Еуропада 1/1 000 000 және АҚШ-та 1-1,5/1 000 000 деп бағаланады. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін гепатобластома диагнозымен 69 бала емделді, оның 40-ы ремиссияда.

Экспозицияның тиімділігі, ауыр асқынулар мен өлімнің төмен деңгейі артериялық химиоэмболизацияны бауырдың жұмыс істемейтін қатерлі ісіктерін емдеу әдісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. БАХЭ - бұл процестің тұрақтануына немесе регрессиясына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жоғары тиімділік пен салыстырмалы қауіпсіздіктің арқасында бауырдың операция жасалмайтын ісіктерімен ауыратын науқастарды емдеу нұсқасы. Бауыр ісіктерін емдеу үшін химиоэмболизацияны қолданудың тиімділігі мен мүмкіндігінің кепілі қауіп тобындағы пациенттерде осы қатерлі ауруды мүмкіндігінше ертерек диагностикалау, сондай-ақ интервенциялық онкология әдістерін қолдана отырып уақтылы емдеу болып табылады, - деп атап өтті балалар онкохирургы, рентгенхирург Бегайдар Елебаев.

Асқар Таудай
Бөлісу: