Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

26 Шілде, 09:42 389

8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға индексі төмендеді. Қабылдаған шаралардың  нәтижесінде дефляцияның орташа индексі 99,8%-ды құрады.

- нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілді;

- салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды;

- отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін күнбағыс тұқымын әкетуге экспорттық кедендік баж енгізілді;

- ӘМАТ-тың «электронды айнасына» айналатын Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі пилоттық режимде жұмыс істейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: