Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алдағы үш күнде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде 15 мамырда республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік аймақтарда, 14-15 мамырда оңтүстік-батыста нөсер жауын жауады деп болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болады.
Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады, тек 14-15 мамырда елдің солтүстік жартысында, түнгі уақытта 1-3 градус үсік күтіледі.