Елімізде ағаш-полимерлік композиттен терраса тақтасын өндіру басталды

29 Қыркүйек, 17:30 354

Металлургия және байыту институтының ғалымдары «KazNewTech» компаниясымен бірлесіп, ағаш-полимерлік композиттен терраса тақтасын өндіру жобасын іске асыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жоба ғылым мен бизнестің табысты ынтымақтастығының нәтижесі болды және елдің құрылыс нарығының елеулі үлесін қамтамасыз етті.

Террасалық тақталар патенттелген технология бойынша жасалады және жеке тұрғын үй, коммерциялық және әкімшілік секторларды салуда, сондай-ақ үй аумақтарын абаттандыруда кеңінен қолданылады. Ашық террасалар, балкондар және шатырлар үшін пайдаланылады.

Жоба жетекшісі, т.ғ.к. Эльнар Кенжалиев инновациялылық, жоғары сапа және экологиялық қауіпсіздік өнімнің басты артықшылығы екенін атап өтті.

Біз шикізат үшін бірегей рецептуралар жасаймыз және ағаш-полимерлік композит бұйымдарының теңдессіз сапасын алуға мүмкіндік беретін шешімдерді әзірлейміз. Біздің өндірісте тұрақты сипаттамалары, біртекті құрамы мен сапасы, белгілі бір дисперсиялығы мен ылғалдылығы бар полимерлер пайдаланылады, бұл сапа мен геометрияны сақтай отырып, параметрлер мен экструзия жылдамдығына әсер етеді. Материалдың біртектілігін арттыру, беріктігін, қаттылығын және ылғалға төзімділігін арттыру үшін антиоксиданттар, аддитивтер, антипирендер және бояғыштар сияқты әртүрлі қоспалар қолданылады. Бұл жағдайда өндіріс берілген параметрлер бойынша ақау минимумымен жұмыс істейді, - деді ол.

Өнім Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғылыми зертханаларында сапа сынағынан өтуде. Өндіріс қазақстандық шикізатпен жұмыс істейді, оның ішінде қайталама шикізат – қайталама пластик пен ағаш пайдаланылады. Өндірісте өнімнің сапасын және нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау ұйымдастырылады. Барлық бұйымдар сертификатталған және тиісті сынақтан өткен.

Жоба ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: