Елімізде 874 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді

26 Тамыз 2022, 11:42 627

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр

Елімізде 874 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді, деп хабарлайды El.kz порталы індеттің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр. Препараттың I дозасын 1 238 510 адам, ІІ дозасын 1 197 633 адам салдырды.

Оның ішінде: І компонентімен 874 249 жасөспірім, 41 620 жүкті әйел, 145 420 бала емізетін әйел, ІІ компонентімен 858 886 жасөспірім, 39 445 жүкті әйел, 141 794 бала емізетін әйел вакциналанды.

Сондай-ақ вакциналардың өзге түрлерімен егілді: І компонентпен 9 581 735 адам, ІІ компонентпен 9 364 073 адам.

Бөлісу: