Елімізде 45 мемлекеттік қызметті SMS арқылы алуға болады

12 Қыркүйек 2022, 14:40 847

Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді

Қазақстандықтар 45 мемлекеттік қызметті SMS арқылы ала алады, деп хабарлайды El.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

«Енді мемлекеттік қызметтерді SMS арқылы алуға болады. Әзірге қолжетімді қызметтер саны – 45. Алда бұл көрсеткіш арта түседі. Жаңа сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, қызмет алудың жаңа түрі клиенттердің уақытын үнемдейді.

«Сонымен қатар қызмет көрсету жылдамдығы едәуір артатын болады. Жаңа сервис бойынша қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізімімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтында толық танысуға болады», - деп хабарлады корпорациядан.

Бөлісу: