Елімізде 43 градусқа дейін күн ысиды

22 Шілде, 16:37 1351

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық қысыммен жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, ал қатты жаңбыр, бұршақ солтүстік-батыста, солтүстікте, 24-25 шілдеде батыста, 25 шілдеде орталығында күтіледі.

Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында +30+35℃ дейін, оңтүстігінде +38+43℃ дейін, оңтүстік-шығысында +31+37℃ дейін жоғарылауы болжанады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: