Елімізде 25 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылды

14 Қараша, 14:56 299

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен брифингте осылай мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 22 мыңнан астам жол апаты тіркелді, онда 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алды.

Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткішінің өсуі жол-көлік оқиғасын есепке алу тәсілінің өзгеруіне байланысты. Жүргізуші тәртібін бақылау күшейтілді. 21 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды, 10 мыңға жуық қарсы жолаққа шығу деректерінің жолы кесілді. 25 мыңнан астам жүргізуші басқару құқығынан айырылды, – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: