Елімізде 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды

Бүгiн, 15:15 113
Қазақстанда негізгі дәнді дақылдар бойынша 15 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі орташа өнімділігі 15 ц/га болғанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылғанын мәлімдеді

Бидай 12,1 млн га алқапта жиналып, өнімділігі 14,3 ц/га кезінде 17,3 млн тонна бастырылды. Арпа - 2 млн га, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 3,4 млн тонна, сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі 16 ц/га кезінде 266,4 мың тонна бастырылды.

Бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 264,5 ц/га, жалпы түсімі 2,5 млн тоннадан асты. Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың бірлік тартылған.

Айта кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі – 580 млрд теңге. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп. Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселесі ерекше бақылауда.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: