Елімізде 161 мың адам өз-өзін құмар ойындардан шектеді

10 Қазан, 07:31 437

Туризм және спорт министрлігі өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәлімет таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың 7 қазанына дейін өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәлімет:

eGov mobile арқылы – 161 707 адам;
жазбаша – 2 816 адам.

Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:

eGov mobile арқылы – 38 180 адам (жалпы санның 24,27%);
жазбаша – 878 адам (жалпы санның 29,77%).

2024 жылдың 18 наурызында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: