Елімізде 1,5 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

8 Желтоқсан 2022, 09:00 1129

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Өткен бір тәулікте 219 адамнан – коронавирус, 18 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталдыі, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

8 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 556 адам коронавирус инфекциясынан (–1 348+ және 208 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 234 пациент стационарда, 1 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 8 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: