Елімізде 149,6 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды

12 Тамыз, 10:55 436

1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 393,4 мың қазақстандық қатысты. 293,5 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 143,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, субсидияланатын жұмыс орындарына 149,6 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 13,5 мың адам, жастар практикасында 14,7 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 97,8 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 6,7 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 258 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 16,7 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 39,9 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 36,1 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 49 мың адам қамтылды, оның ішінде 36,1 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 134,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мыңнан астам грант беру көзделген. Жылдың басынан 4 361 грант берілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: