Елімізде 110 заңсыз ойын мекемесі жойылды

23 Қаңтар 2023, 21:09 736

Қаржылық мониторинг агенттігі өткен жылды қорытындылады

Ойынға тәуелділіктің алдын алу аясында 110 заңсыз ойын мекемесі жойылды. 44 жасырын цехтың жұмысы тоқтатылып, айналымнан 1,5 млн бөтелке контрафактілі алкоголь мен 99 мың литр спирт және құрамында спирті бар өнімдер алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚМА-ға сілтеме жасап.

"Қаржылық барлаудың аналитикалық материалдары бойынша жалпы айналымы 4,6 млрд теңгені құрайтын және 27 мыңнан астам сатып алушылары бар есірткі сататын 22 интернет-дүкен әшкереленді. Берілген ақпарат негізінде полиция 10 іс қозғалып, 17 адам ұсталды (500 дозадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 3 кг синтетикалық есірткі бар). 

29 қаржы пирамидасы жойылды, жәбірленушілерге 8,3 млрд теңгеге залал өтелді. Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартуға жолын кесу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 мың интернет-сілтемелер мен аккаунттар бұғатталды. Қазірдің өзінде тартылған азаматтардың атына 19 мың ескертулер жіберілді, бұл 15 мың адамның қаржылық пирамидалары аккаунттарынан бас тартуына ықпал етті", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Компанияларды қаржы пирамидасының белгілеріне тексеру үшін енгізілген "Telegram-бот"-қа 1 мыңнан астам өтінім түсті. Олардың 900-ге жуығы қаралды.

Сонымен қатар экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануын анықтау бойынша жұмыс аясында 69 іс тіркелді, 215 млрд теңгеге залалды өтеуге шаралар қабылданды.

EL.KZ
Бөлісу: